12 маусым 2022 | 19:00

Нұртас Адамбай: Ең жаманы - жоғалып, табылып не табылмайтыныңды білмеу

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі актер, режиссер, сценарист әрі продюсер, "Келинка Сабина", "Құдалар", "Тараз" және "Лифт" фильмдерінің авторы Нұртас Адамбай - ER-BATYR жобасының жаңа қонағы. Ол өзін қалай түсіне бастағаны, өмірлік құндылықтар туралы ойы өзгергені, қарапайым және жай ғана нәрселерді бағалай бастағаны, сондай-ақ, біздің қоғамдағы киноның ролі, шығармашылығын қайта ойланғаны, болашаққа жоспарлары туралы ашық айтты.


Белгілі актер, режиссер, сценарист әрі продюсер, "Келинка Сабина", "Құдалар", "Тараз" және "Лифт" фильмдерінің авторы Нұртас Адамбай - ER-BATYR жобасының жаңа қонағы. Ол өзін қалай түсіне бастағаны, өмірлік құндылықтар туралы ойы өзгергені, қарапайым және жай ғана нәрселерді бағалай бастағаны, сондай-ақ, біздің қоғамдағы киноның ролі, шығармашылығын қайта ойланғаны, болашаққа жоспарлары туралы ашық айтты.

Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар. 

Нұртас бұрын барлық мәселеге әйелін кінәлағанын мойындады.

"Әйеліммен қарым-қатынасымыз дұрысталмады. Одан өзімдегі барлық проблеманың түп бастауын көрдім. Ол сондай емес, мінез-құлқы мен тәрбиесі дұрыс емес деп ойладым. Ал керісінше өзімнен ешқандай проблема көрмедім. Өзім үшін өте жағымды кейіпкер болдым. Бұл менің ең басты қатем болды", - деді ол.

Оның өміріндегі бетбұрысы "Тараз" фильмін түсірген кезде басталған. Актердің айтуынша, терең депрессияны бастан өткерген.

"Фильмнің аяғында барлық кейіпкерді өлтіруді шешсем, демек бірнәрсе болып жатқанын түсіндім. Осыдан кейін "Лифтті" түсірдім, онда кейіпкердің тоқтағанын қаладым. Содан кейін бәрін талдап отырып, өзіме не болғанын түсіндім. Кейбір кезде тіпті қорқынышты болды. Ол кезде менің өмірімде Ислам болмады, сұрақтардың жауаптары да жоқ еді. Не болып жатқанын түсінбедім. Депрессияны толық сезінген шығармын. Ең жаманы - жоғалып кетіп, табылып не табылмайтыныңды білмеу. Бұл балалық шақтағы бала жоғалып кетуі сияқты, айналасында адамдар көп, қатты қорқынышты. Не үшін өмір сүріп жүргеніңді түсінбейсің, ештеңе қызық болмайды. Психологияда айтылғандай, адамның барлық құндылығы жаңарады", - деді ол.

Режиссер билікті сынаудан неге бас тартқанын айтып, кейбір жағдайда азаматтардың өздерін жауапкершіліктен қашпауға шақырды.

"Үкіметті ұзақ уақыт сынап, бірақ аулаңыздың маңындағы қоқысты тазаламауға болады. Бірде түсірілімде бір жерге бардық, үйге кірдім, керемет көрініс пен үйілген қоқыс. Содан кейін "қоқысты тазалауға министр қажет емес қой" деп ойладым. Бұл адамның өзі сонда тұрады, балалары сол жерде ойнайды. Қоқысты керек жерге апару үшін мемлекеттік бағдарлама мен жеке қаржыландыру қажет емес. Әр төккен сайын қоқыс шелегін алысырақ апарып, үй маңына жинамау керек", - деді режиссер.

Сондай-ақ, Нұртас материалдық құндылықтарға тәуелді болмау керегін айтып, скутер жүргізушісі Rolls-Royce жүргізушісінен әлдеқайда бақытты болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Материалдың дүниеге соншалықты жақын болған соң, не үшін жаратылғанымызды ұмытып, түсінбейміз. Смартфондарға, көлікке, үйге тәуелді боламыз. Мысалы, біздің қаланы алсақ, бір көшеде қаржысы бар адам жарты миллион доллардың Rolls-Royce көлігін айдап жүруі мүмкін, бірақ көзінде қайғы-мұң. Сонымен қатар, сол көшеде қарапайым велосипедпен немесе скутермен күлімдеген адам жүруі мүмкін. Себебі ол үйде баласы күтіп отырғанын біледі, жалақысы аз әрі қарапайым пәтері болса да, жалақысын қалай жұмсау керегін түсінеді, миллиардтарға басын ауыртпайды, оны жоғалтудан қорықпайды. Осы жағынан қарасақ, самокаттағы адам әлдеқайда бақытты әрі еркін", - деді Нұртас Адамбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети