08 қыркүйек 2016 17:54

Пусан халықаралық кинофестивалінде Азат Сейтметов үздік актер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметі © Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметі

Пусан халықаралық кинофестивалінде Азат Сейтметов үздік актер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Пусан халықаралық кинофестивалінде Азат Сейтметов үздік актер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері Азат Сейтметов кинорежиссер Асқар Ұзабаеватың "Әке" телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен жылдың үздік актері номинациясында жеңімпазы атанды.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, халықаралық кинофестивальде Азат Сейтметовтың үздік актер атануы -қазақ киноматеграфиясының жеңісі. Айта кетейік, "Қазақстан" ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген режиссер Асқар Ұзабаевтың "Әке" телехикаясы әлеуметтік драмасы өмірдің, тұрмыстың ауыр кезеңдерін бастан кешіретін отбасы туралы баяндайды.

Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов театрының баспасөз қызметіндегілер Азат Райымбекұлын халықаралық кинофестивалдегі жеңісімен театр ұжымы шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети