07 ақпан 2015 12:13

Ресей актерінің әйелі күйеуін ешқашан кинодан көрмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Харатьян мен модель Марина Майко. Фото 7days.ru сайтынан Дмитрий Харатьян мен модель Марина Майко. Фото 7days.ru сайтынан

Белгілі актер, Ресей Федерациясының халық әртісі Дмитрий Харатьянның әйелі күйеуі түскен фильмдерді ешқашан көрмеген, - деп жазады "Собеседник"


Белгілі актер, Ресей Федерациясының халық әртісі Дмитрий Харатьянның әйелі күйеуі түскен фильмдерді ешқашан көрмеген, - деп жазады "Собеседник"

Жуырда Ресейде өткен "Жылдың жұлдызды мейманы" марапатында актерге "Қонаққа барғанда болашақ жарыңды табу мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды. "Мүмкін. Мен кейін сегіз жыл менімен бірге тұрған бойжеткенмен солай таныстым. Ол менің алғашқы әйелім болды, біздің қызымыз бар. Жас болдық, қонаққа көп бардық. Іштік, жедік, сөйлестік, биледік, ән салдық", - деді актер бірінші әйелі Марина Буримова туралы. 

Харатьян екінші әйелі Марина Майко туралы да айтты. "Ал онымен танысарда мен танымал едім, бірақ ол менің киноға түсіп жүргенімді білмеген. Мені мүлдем білмейтінін айтты, менің қатысуыммен түсірілген бірде-бір фильмді көрмеген. Жиырма бес жыл бойы менің киноларымды көрместен өмір сүріп келеді", - деді әртіс.

Атақты "гардемарин": "Ол менің фильмдерімді қашан қарайды екен деп күтіп жүрмін", - деп қалжыңдады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети