1. Басты
  2. Біл
  3. Мәдениет
  4. Кино

Роберт Родригес "Дети шпионов" франшизасын жаңаша түсіреді 27 қаңтар 2021, 12:15

Америкалық режиссер Роберт Родригес "Дети шпионов" фильмдер сериясын қайта түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Slashfilm
Кадр "Дети шпионов" фильмінен Кадр "Дети шпионов" фильмінен

Америкалық режиссер Роберт Родригес "Дети шпионов" фильмдер сериясын қайта түсіруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Slashfilm сайтына сілтеме жасап. 

Түсірілім франшиза құқығына ие екі кинокомпанияның - Skydance Media мен Spyglass-тың қатысуымен жоспарланған.

Басылымның мәліметінше, Skydance бас студия ретінде жұмыс істейді және даму мен өндіріске жетекшілік етеді, ал Spyglass басшылары мен кино саласының ардагерлері Гари Барбер мен Питер Ойлатагер атқарушы продюсер болады.

Родригес серияның жаңа бөлімін түсіріп қана қоймай, таспаның сценарийін жазып, режиссер де болатыны хабарланды. Жаңа фильмде оқиға көпұлтты отбасының өмірінде өрбиді.

Қазіргі уақытта фильм өндірістің ерте сатысында тұр. 

Еске салайық, "Дети шпионов" фильмінің түпнұсқасы 2001 жылы жарық көріп, жақсы танымалдықпен 112 миллион доллар табыс әкелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!