13 желтоқсан 2014 12:15

"Сабина келін" фильмін Петропавлда бір аптадан соң көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Келинка Сабина" фильмінен алынған кадр. Сурет - liter.kz "Келинка Сабина" фильмінен алынған кадр. Сурет - liter.kz

"Сабина келін" фильміне қатысты Петропавл кинотеатрлары мәселені шешті. Бұл туралы осы фильмнің режиссері, сценариін жазушысы әрі актері Нұртас Адамбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сабина келін" фильміне қатысты Петропавл кинотеатрлары мәселені шешті. Бұл туралы осы фильмнің режиссері, сценариін жазушысы әрі актері Нұртас Адамбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешегі күні  БАҚ пен әлеуметтік желілер біздің "Сабина келін" фильміне қатысты талқылауларға толы болды. Петропавл кинотеатрларындағы жағдай шешілгенін қуанышпен хабарлаймыз. Біздің түсінгеніміздей, фильм бұл қала прокатында бір аптадан соң жарық көріп қалуы керек. Солай болады да деп үміттенеміз" деп жазады Адамбаев әлеуметтік желілердердің біріндегі өз аккаунтында.

Сондай-ақ ол фильм туралы пікір білдіріп, қолдау көрсеткендерге өзінің шексіз ризашылығын жеткізген.  Алдында Адамбаев Петропавл кинотеатрлары "қызық емес" деп "Сабина келін" фильмін прокатқа алудан бас тартқанын жеткізген. Дегенмен кинотеатрдағылар бұл шешімнің немен байланысты екенін түсіндіріп берді. "Новый свет" кинотеатры фильмдерді көрсету бойынша нақты жоспар белгіленіп қойғанын айтты. "Біз прокатқа ұсынушы фирмалардың барлық фильмін бірдей қабылдай бермейміз. Біздің арамызда келісімшарттар да бар. Соған сәйкес біз сеанстарды да іріктейміз. Біз бір де бір заңды бұзған жоқпыз" дейді мұндағылар.

"Қазақстан" кинотеатрындағылар "Сабина келін" фильмін көрсететіндерін, бірақ кейінірек екенін мәлімдейді. "Қазір біздің Президент туралы "Разрывая замкнутый круг", яғни "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының төртінші фильмі жүріп жатыр. "Сабина келін" фильмін де көрсету ойымызда бар" дейді "Қазақстан" кинотеатрының өкілі Евгения Нечаева.

Еске сала кетелік, фильмнің оқиғасы ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбиді. Басты рөлдегі Сабина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, ет асып, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Фильм кейіпкері еліміздегі көптеген қызға жақсы үлгі болуы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети