27 қаңтар 2014 19:08

С.Апрымовтың "Бауыр" фильмі Францияда өтетін ХКФ қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бауыр" фильмінен үзінді ©celebrities.kz "Бауыр" фильмінен үзінді ©celebrities.kz

Серік Апрымовтың "Бауыр" фильмі Францияда өтетін халықаралық кино фестивальге қатысады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақфильм" киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі қазақстандық режиссердің "Бауыр" фильмі Францияда жыл сайын өткізілетін Ciné Junior балалар мен жасөспірімдерге арналған XXIV халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысатын болады. Фестиваль мақсаты - балалар мен жасөспірімдерге арналған туындыларды насихаттап, көпшілікке таныту. Атап өтейік, 2010 жылы бұл байқауға біздің елдің атынан қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашовтың "Құрақ көрпе" фильмі қатысып, қазылар алқасының жүлдесін алып, француз жазушысы Ромен Роллан атындағы лицей оқушылары дауыс берумен қорытындыланған "Үздік фильм" аталымы бойынша жеңімпаз атанған-тын. Ал "Бауыр" фильмінің әлемдік премьерасы осыдан бірер күн бұрын Халықаралық 70-ші Венециан кинофестивалінің "Көкжиек" конкурстық бағдарлама аясында өткізіліп, кино туындыларды түсіруге атсалысқан үздік маман иелерін анықтайтын ІХ "Еуразия" ХКФ барысында да көрсетілген еді. Онда біздің жерлесіміз "Үздік режиссер" аталымында үздік шығып, бәсекелестерінен бір бас жоғары тұрды. Сондай-ақ бұл туынды жуық арада Гетеборгте өтетін 37-ші "Бес континент" бағдарламасына да қатыстырылатын болып шешілді. "Бауыр" фильмінің сюжеті тау бөктерінде орналасқан шағын ауылдардың бірінде тұратын Еркін есімді 9 жасар баланың өмірінде болған ең қызықты оқиғаларға негізделген. Оның әкесі үнемі сыртта ұзақ мерзімді іс-сапарларда жүретін болса анасын 5 жыл бұрын қайтыс болған, ал үлкен ағасы қалада оқуда. Сол себепті ол күнін үнемі үлкен ағасын күтумен өткізіп жүреді. Және ол ағасының өзіне қорған болғанын, қолдау көрсеткенін аңсайды. Ал Айдос ағасы болса бастапқыда кішкене бауырына жаны ашығыш болып көрінуге тырысқанымен, соңында үлкен ағасы бауырының болашағына немқұрайлы қарайтынын, жүрегінде еш жылуы жоқ адам екенін аңғартады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети