13 наурыз 2014 | 12:49

Сенатор полицейлер туралы фильм түсіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Парламент Сенаты. Фото www.parlam.kz сайтынан алынды Парламент Сенаты. Фото www.parlam.kz сайтынан алынды

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов қазақстандық полицейлер туралы фильм түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамда Қазақстан полициясын жағымды етіп көрсетуді қолға алып қана қоймай, олардың қызметін насихаттап, беделін арттыру жолында қызу жұмыс істеуі тиіс. Фильмге арқау бола алатындай бізде оқиғалар жеткілікті. Сондықтан полицейлер туралы фильм түсіру қажет деп ойлаймын", - деді Айтаханов "Ішкі істер органдары туралы" заң жобасы Сенат қабырғасында талқыға түскен кезде. Ол сондай-ақ, бүгінде қоғамда полиция қызметкеріне деген сенімсіздіктің барын айтты. "Полиция қызметкерлері жергілікті билікпен ақылдаса отырып жұмыс істеп, қоғамдық кеңестер құруы керек. Сол кеңестер алдында жүйелі түрде есеп беріп тұратын болса, тұрғындар алдында беделінің артатыны сөзсіз", - деді депутат.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети