Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 322.01
EUR / KZT - 362.42
CNY / KZT - 47.26
RUB / KZT - 5.46

Шәкен Аймановтың әйгілі туындысы жаңа нұсқада көрсетілді

15 Ақпан 2014, 19:47
0
Ш.Аймановты еске алу кешінің ашылу салтанаты.Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ш.Аймановты еске алу кешінің ашылу салтанаты.Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ш.Аймановты еске алу кешінің ашылу салтанаты.Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ш.Аймановты еске алу кешінің ашылу салтанаты.Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Салтанатты кешке келген қонақтар Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Салтанатты кешке келген қонақтар Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ш.Аймановтың немересі Дина Мұратқызы Айманова. Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Ш.Аймановтың немересі Дина Мұратқызы Айманова. Фото ©Нұрғиса Елеубеков
"Біздің сүйікті дәрігер" фильмінен көрініс. Фото ©Нұрғиса Елеубеков
"Біздің сүйікті дәрігер" фильмінен көрініс. Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Қазақ киносының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлға Шәкен Аймановтың 100 жылдық мерейтойына орай 15 ақпан күні Алматыдағы "Арман" кинотеатрында оның "Біздің сүйікті дәрігер" атты комедиясының жаңа нұсқасы көрсетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің сүйікті дәрігер" фильмінің көрсетілімі алдында Шәкен Аймановты еске алуға арналған салтанатты кеш өтті. Аталған іс-шараға режиссердің ағайын-туыстары, киностудия өкілдері, ұлттық кинематография қауымы, Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев сынды қазақ киносының корифейлері қатысты.
Салтанатты жиынға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариев, "Тақиялы періште" фильмінде ойнаған Әлімғазы Райымбеков (Тайлақ), Шолпан Алтайбаева (Айша) сынды актерлер де келді.

Шәкен Айманов – қазақ кинорежиссурасының негізін қалаушы. Ол өзінің өнегелі ғұмырында талай жас режиссерді тәрбиеледі. Оның "Махаббат дастаны", "Біздің сүйікті дәрігер", "Алдаркөсе", "Атамекен", "Тақиялы періште" сынды фильмдері қазақ кино өнеріндегі көркем, төлтумалық, дархан, өміршең туындылар.

Салтанатты кеш соңында Шәкен Аймановтың 1957 жылы жарық көрген "Біздің сүйікті дәрігер" атты фильмі жаңа сандық нұсқада көрсетілді. Өз заманындағы қазақ мәдениетіндегі барлық белгілі тұлғалардың бейнесіне қойылған ескерткіштей болған осы фильмді халық ыстық ықыласпен қабылдады.

"Қазақфильм" киностудиясының басшысы Ермек Аманшаевтың айтуынша, болашақта режиссердің басқа да туындылары өңделіп, цифрлы нұсқада жарық көрмек.

Қазақтың болмысын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін кино арқылы барша әлемге паш еткен Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Шәкен Кенжетайұлының туған күнін қазақ киносының туған күні деп қабылдайды барша халық. Ұлы режиссердың торқалы тойы осы күннен бастап жыл бойы республика көлемінде аталып өтпек. Астана, Алматы Павлодар қалаларында Шәкен Кенжетайұлына арналған еске алу кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ Шәкен Аймановтың ғасырлық тойы аясында "Қазақфильм" киностудиясында қазақ киносының мұражайы ашылмақ.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай