26 маусым 2014 10:29

Солтүстік Корея АҚШ-қа фильм үшін соғыс ашатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Интервью" фильмінің кадры. "Интервью" фильмінің кадры.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ким Чен Ын туралы фильм экранға жіберілсе, АҚШ-қа қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.


Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ким Чен Ын туралы фильм экранға жіберілсе, АҚШ-қа қарсы соғыс ашатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Russian ақпарат құралына сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяның ресми жаңалықтар агенттігі таратқан хабарламада "Біздің көсемімізді өлтіру мақсатында қастандық жасау туралы фильм түсіру және оны прокатқа шығару жол беруге болмайтын басқыншылық және террорлық әрекет болып табылады. Егер Америка әкімшілігі бұл фильмді прокатқа шығаруға рұқсат берсе, онда аяусыз қарсы шаралар қолданылатын болады",- делінген.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілі фильмнің атын атамаған, десе де, қараша айына "Интервью" фильмінің премьерасы белгіленгені мәлім болды.

Басты рөлдерді Джеймс Франк пен Сет Роген сомдаған Ким Чен Ын туралы фильмде екі журналист жайлы айтылады. Олар алдымен Солтүстік Корея басшысымен сұхбаттасып, кейіннен ОББ-ның (ЦРУ) тапсырмасымен оны өлтіреді. Бұған дейін Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі Ким Чен Ын туралы фильмді "ашық террорлық әрекет" деп бағалап, мұндай сайқымазақты прокатқа шығаруға мүлдем тыйым салу керек екенін айтқан болатын.

Айта кетерлігі, бұл Голливудтың Ким Чен Ынды мазақ еткен алғашқы фильмі емес. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети