01 сәуір 2014 10:04

Тарихта ең көп қаржы жинаған мультфильм аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Салқын жүрек" мультфильмінен үзінді "Салқын жүрек" мультфильмінен үзінді

Анимациялық фильмдер тарихында "Салқын жүрек" ("Frozen") мультфильмі прокатта ең көп қаржы жинаған  туынды ретінде аталды, деп хабарлайды Lenta.ru BoxofficeMojo.com-ға сілтеме жасап. 


Анимациялық фильмдер тарихында "Салқын жүрек" ("Frozen") мультфильмі прокатта ең көп қаржы жинаған  туынды ретінде аталды, деп хабарлайды Lenta.ru BoxofficeMojo.com-ға сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы күнгі мәлімет бойынша, режиссер Крис Бак пен Дженнифер Лидің біріккен туындысы әлем бойынша 1,07 миллиард доллар жинаған. Оның 398,4 миллионын АҚШ пен Канада азаматтары жинап берсе, ал 674 миллионды ол туынды Еуропа мемлекеттерінен тапқан. Атап айтқанда Ресей - 33 миллион, Франция - 46 миллион, Ұлыбритания - 64 миллион жинаған.

Бұған дейін анимациялық фильмдер ішінде "Ойыншықтар тарихы 3" мультфильмі прокатта ең көп қаржы жинаған болатын. Ол туындының кірісі 1,063 миллиард доллар жинаған екен.  

Рейтинг бойынша, "Салқын жүрек" кассалық фильмдер ішінде оныншы орыннан көрінді. Наурыздың басында бұл мультфильм "Оскардың" (ең үздік анимациялық фильм және ең үздік ән) екі аталымында жүлдегер атанып, "Алтын  глобус", британдық BAFTA кинопремиясы мен 30-ға жуық түрлі атауларда үздік шыққан.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети