16 шілде 2019 11:59

Төлеген Байтөкеновтің "Саташ" вестерні Үндістандағы кинофестивальге қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылдың 18-21 шілде аралығында Үндістанның бірнеше қалаларында (фестиваль орталығы Дели) өтетін Jagran Film Festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына Төлеген Байтөкеновтің "Саташ" көркем фильмі қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.

"Саташ" картинасы қылмыскерлермен шайқасқа түскен ауылдың адал Саташ есімді учаскелік полицейі туралы баяндайды.  Қарақшылар тұрғындарға күш көрсете бастағанда, бас кейіпкер Саташ (актер Ақылхан Алмасов)  оларға жалғыз өзі қарсы тұрып, борышын соңына дейін өтейді.

"Жанрлық картина болғанына қарамастан, әлемді саяхаттаушы, яғни көшпенді  фестивальдің конкурсына біздің фильміміз  қатысатыны, әрине, қуантады. Тағы бір қуантарлығы, "Саташ" фильмі әр елде өзінің бағасын алып жатқаны, демек, біз адамзаттың мәселелерін көрсете алғанымыз", - деп білемін деді режиссер Төлеген Байтөкенов.

Jagran Film Festival-дің мақсаты  киносүйер қауымға қарым-қатынас жасайтын, жақсы фильмдер арқылы өз көрерменін табатын  орталық құру болып табылады. Бұл фестивальдің ерекшелігі, "көшпенді" фестиваль деуге де болады. Бір жылда бірнеше қаланы қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, өткен жылы фестиваль бағдарламасы Үндістанның 18 қаласында көрсетілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети