Үш ай бұрын жоғалып кеткен қытайлық ең табысты актриса табылды

04 Қазан 2018, 17:26
0
© instagram/fanbingbing_official
© instagram/fanbingbing_official

Осыдан үш ай бұрын жоғалып кеткен Қытайдың белгілі актрисасы әрі әншісі Фань Бинбинм әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды TJournal.

Басылымның мәліметінше, қытайлық жұлдыз биліктегілерден нақты табысын жасырып, салық төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелген. Айыппұлдың сомасы - 130 миллион доллар.

Ал айыппұл төлесе, оған қатысты қылмыстық айыптаулар тағылмайды екен. Себебі ол заңды алғаш рет бұзып отыр.

Қытайлық БАҚ-тарда айыппұл салынатыны жайлы хабарламалар жарияланған соң 37 жастағы актриса әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

"Барлығынан кешірім сұраймын. Көпшілік алдында жүрген адам болғандықтан мен заңға бағынып, қоғамға үлгі болуым керек. (...) Коммунист партиясы, мемлекеттің саясаты мен халықтың сүйіспеншілігі болмағанда, Фань Бинбин де болмас еді", - деп жазды актриса.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қытайдың табысы ең жоғары актрисасының жоғалып кеткені хабарланған еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай