11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі: Менде өлтіруге екі себеп болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева сот кезінде баланы өлтіруге кінәлі екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева сот кезінде баланы өлтіруге кінәлі екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен кешірім сұраймын (жылады). Мені өлтіруге жетелеген екі себеп болды. Азамат (Өркеннің әкесі) қанша жұмыс істесе де, отбасына, балаларға, ешкімге де қарайласқан жоқ. Мен көлік сатып алдым. ЖКО-ға түстік. Ол еш көңіл бөлген жоқ. Өркен 3 жасынан әжесінің қолында болды. Айжан да (Өркеннің анасы) оның ештеме сатып алып бермегенін біледі. Мен өзім сатып алғанды оның атынан беріп жүрдім", - дейді Ақбердиева. 

Баланың әкесі Азамат Кемпірбаев әйелінің сөзін растады. 

"2013 жылы Азаматқа кредитке көлік алып бердім. 1 жыл 7 ай 120 мыңнан Азамат емес, мен төлеп отырдым. Төлеуді тоқтатып едім ұрыс-керіс басталды. Есенбекова (Өркеннің әжесі) бізді ажырасуға дейін жеткізді. Оған дейін жанжал болмаған. Айжан, сенен кешірім сұраймын. Өркенді олай өлтіреді деп ойламадым. Бұл менің және балаларымның кінәсі. Мен баланы алып кеткенде оны өлтіру үшін ұрламадым. Азаматпен тілдескім келді: Осы 12 жыл менімен ақша үшін ғана болды ма деп сұрағым келді", - деп жалғастырды сөзін Ақбердиева. 

Шәрипа Ақбердиеваның айтуынша, Өркенді өлтіруде қызы Айдана мен такси жүргізушісі Русланның кінәсі жоқ. Егер олар білсе, бірден полицияға хабарласар еді дейді ол. 

"Мен ана болғандықтан, оқиғаның басы-қасында болғандықтан, кінәні өз мойныма аламын. Бірақ мен Өркенді өлтіріп жатқанын көрмедім. Барлығынан кешірім сұраймын. Өте өкінішті", - деп аяқтады Ақбердиева. 

Өркеннің анасы Шәрипа Ақбердиеваның сөзін растап, Азаматтың алимент төлемегенін айтты. Азамат та мұны мойындады. 

Судья сотты 26 мамырға шегерді. Мұның алдында прокурор Шәрипа Ақбердиеваны 25 жылға соттауды сұраған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.92  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer