11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесіне қатысты сот үкімі шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

11 жастағы Өркен Азаматұлыны өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиева кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 125-бабы және 132-бабы бойынша айыпты деп танылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы Өркен Азаматұлыны өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиева кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 125-бабы және 132-бабы бойынша айыпты деп танылды.

Ал оның ұлы Темір Ақбердиев 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Өгей ағасы Қадыржан Гулямов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Шарипа Ақбердиеваның қызы - Айдана Ақбердиева 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Такси жүргізушісі Руслан Муталипов 17 жылға қамалатын болды. Сондай-ақ, оның автокөлігі тәркіленді.

Айта кетейік, Өркен Азаматұлының әкесі сот отырысына келмеді. Сотқа өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мен әжесі ғана келді.


© Tengrinews.kz

Осыған дейін Шарипа Ақбердиева өзінің соңғы сөзінде соттан ұлына 5 жыл қосуын сұраған болатын. Сондай-ақ, әйел соңғы уақытта балалардың тәрбиесімен айналыспағанын айтып өткен болатын.


© Tengrinews.kz

Осыған дейін  Шәрипа Ақбердиева сот кезінде баланы өлтіруге кінәлі екенін мойындап, өлтіруге екі себеп болғанын айтқан еді. Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.

Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін. Ал кейінірек өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мәлімдеме жасаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro