26 мамыр 2017 | 12:20

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесінің соңғы сөзі: "Ұлыма 5 жыл қосуыңызды сұраймын"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиева соңғы сөзінде судьядан ұлы Темір мен оның өгей ағасы Қадыржанды қосымша тағы бес жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиева соңғы сөзінде судьядан ұлы Темір мен оның өгей ағасы Қадыржанды қосымша тағы бес жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айдананың кінәсі жоқ. Оны ақтауды сұраймын. Сосын мен Өркеннің өгей шешесі ретінде Темір Ақбердиев пен Гулямов Қадыржанға маған жала жапқаны үшін бес жыл қосуыңызды сұраймын. Мені ана ретінде түсінуіңізді сұраймын. Мен өз кінәмді мойындаймын. Алайда ол сөздерді мен айтқан емеспін. Русланның да бұл жерде кінәсі жоқ. Руслан, Тимур, Гулямов, Кемпірбаев әкесіз өскен балалар. Мен толық отбасында дүниеге келдім. (…) Осы қылмысты өз мойныма аламын. Бірақ мен балалардың айтқан түсініктемелеріне келіспеймін. Шын жүректен кешірім сұраймын. Өкінішті жағдай. Өркеннің анасынан, әжесінен және әкесінен кешірім сұраймын. Судья мырза, прокурор және осы залда отырған барлық адамнан кешірім сұраймын. Айдананың бұл қылмысқа еш қатысы жоқ. Оның баласы бар, аяғы ауыр. (…) Мен балаларымды ақтап отырған жоқпын. Алайда Өркеннің өліміне менің кінәм жоқ. Барлығынан кешірім сұраймын. Қызымды жіберіңіздерші. Басқа ештеңе сұрамаймын", - деді Шарипа Ақбердиева.

Сондай-ақ, әйел соңғы уақытта балалардың тәрбиесімен айналыспағанын айтып өтті. Ақбердиеваның соңғы сөзінен кейін судья Берікжан Байжүнісов кеңес бөлмесіне кетті.

Осыған дейін  Шәрипа Ақбердиева сот кезінде баланы өлтіруге кінәлі екенін мойындап, өлтіруге екі себеп болғанын айтқан еді. Айта кетейік, 24 қаңтарда баланың өгей шешесі және тағы да төрт күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Сондай-ақ, осыған дейін полицейлер баланың өліміне қатысты жаңа деректерді жариялаған еді. Сол мәліметтер бойынша, Өркен Азаматұлының өгей шешесі мен оның төрт сыбайласының осы қылмысқа қатысы бар. Күдіктілердің арасында әйелдің қызы мен баласы бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, ол баланың әкесінен кек алу үшін осындай қылмысқа барған. Әйел қылмыс жасамай тұрып, Шымкенттен бірінші некедегі 1995 жылғы ұлын шақыртқан. Содан ол досымен бірге сонда келіп, әйел оларға баланы ұрлау үшін 100 мың теңге ұсынады. Кейінірек әйелдің 1997 жылғы қызы, ұлы және оның досы баланы аңдып, 19 қаңтарда ұрлап кетеді.

Сонымен қатар, ІІД ресми өкілі баланың өгей шешесі мен оның досының Шымкентке кетпекші болғанын айтты. Алайда олар ұсталды, себебі баланың әжесі арыз жазған. Айта кетейік, 11 жастағы Өркен осы уақытқа дейін әжесімен бірге тұрған екен. Әжесінің айтуынша, Өркен жауапкершілігі бар бала болатын және ол ешқашан кешікпейтін. Ал кейінірек өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мәлімдеме жасаған болатын.

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer