10 наурыз 2021 09:15

13 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталған ақтөбелік абақтыда асылып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ktk.kz Фото: ktk.kz

Ақтөбеде өгей әкесінен зорландым деп мәлімдеген 13 жастағы қызға қатысты іс жалғасын тапты. Сотталған ер адам абақтыда асылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Ақтөбеде өгей әкесінен зорландым деп мәлімдеген 13 жастағы қызға қатысты іс жалғасын тапты. Сотталған ер адам абақтыда асылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Биылғы қаңтарда Талант Әлиев кәмелет жасына толмаған қызды зорлағаны үшін 20 жылға сотталған, алайда колонияға жеткізілмей тұрып, өзіне қол жұмсаған. Ер адам тергеу изоляторында асылып қалған. Ал туыстары тергеу жүргізуді талап етіп отыр, олардың пікірінше, бұл оқиғада бір гәп бар.

Таланттың анасы баласының кінәсіз екеніне сенімді. Ол ұлының қалайша тергеу изоляторында асылып қалғанына аң-таң. 

"Мен баламның өліміне бесінші түрменің қызметкерлерінің кінәлі екеніне  сенімдімін. Себебі оның қалтасындағы табылған, жазып кеткен хатты маған берген жоқ. Ол хатта қызметкерлердің қысым көрсеткені туралы жазылғаны айтылады", - дейді анасы Мейрамгүл Әлмағамбет.

Өлгеннен соң марқұмның қалтасында хат пен телефон болғанын камераластары көріпті. Тіпті не жазғанын оқып үлгердік деген екен.

"Осы адам өліміне қатысты дәлелдерді жасырып жатыр. Сотталушыда хат пен телефоны болған. Енді 141-камерада отырғандарға осыны айтқызбау үшін қысым көрсетіп жатыр. Оны күйеуімізден біліп отырмыз. Шындықты айтпаңдар деп бұйырған", - дейді сотталушының жұбайы Эльмира Нұржанова.

Бірақ түрме басшылығы өзіне шаң жуытқан жоқ. Оның айтуынша, тексеріс кезінде камераластары айғақ заттардың болғанын растамады деп отыр.

"Камераластары тексеру кезінде түсініктеме берді. Олар сотталушыға ешкімнің жақындамағанын, ақырғы хат болмағанын айтты. Қызметтік тексеру кезінде бейнебақылау камералары толық тексерілді", - дейді Ақтөбе облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Алмас Шәмішов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети