26 тамыз 2022 08:34

15 жастағы оқушы "телефон террорисі" болып шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облыстық соты мен жергілікті ақпарат порталының редакциясына бомба қойылды деп, Көкшетау қаласының күш құрылымдарын аяғынан тік тұрғызған адам 15 жастағы оқушы боп шықты. Өзі Батыс Қазақстанда тұрады екен. Енді ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеушілердің айтуынша, сегізінші сынып оқушысы облыстық соттың хатшысы мен жаңалықтар порталының редакторына әкімшілік ғимараттарға бомба қойылғанын жазған. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Саперлар мен кинологтар ғимаратты екі сағат тексеріп, бірақ қауіпті ештеңе таппады.

Жасөспірімнен электронды поштаға хат жіберген компьютері тәркіленді. Қазір ол кепілде. Полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

"Қазір құқық қорғау органдары "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша соталды тергеуді бастады. Бұл бапқа сәйкес, 14 жастан бастап қылмыстық жаза қарастырылған, яғни жалған хабарлама авторы 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция қазір оның бұл әрекетке не үшін, қандай жағдайда барғанын анықтап жатыр", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети