16 жастағы қызды өлтірген таксист 18 жылға сотталды

25 Қараша 2014, 16:00
0
16 жастағы қызды өлтірген таксист 18 жылға сотталды - Сотталушы сот залында. ©Тengrinews.kz/tv
Сотталушы сот залында. ©Тengrinews.kz/tv
16 жастағы қызды өлтірген таксист 18 жылға сотталды - Айсұлу Жамбарбек. Әлеуметтік желідегі фотосуреті
Айсұлу Жамбарбек. Әлеуметтік желідегі фотосуреті

16 жастағы Айсұлу Жамбарбекті өлтіруге айыпты деп танылған такси жүргізушісі Виталий Атапинді 18 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таксисті "Кісі өлтіру" және "Қарақшылық шабуыл" баптары бойынша айыпты деп таныды. Атапинге мүлкін тәркілеумен бірге айрықша режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, сонымен бірге, ол аса қауіпті рецидивист деп танылды. Сот оны 2,4 миллион теңге көлемінде материалдық, 1,5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге де міндеттеді. Қайтыс болған қыздың ағасы сот шешімін тым жұмсақ деп есептейтінін айтты. Оның айтуынша, бұл отбасы сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылады деп күткен. Жәбірленуші тарап бостандықта сотталушының сыбайластары болуы мүмкін деп топшылайды. 

Еске сала кетейік, мемлекеттік айыптау сотталушы Атапин үшін 19 жыл жаза сұраған болатын. Атапин өзінің соңғы сөзінде кешірім сұрады. Мұның алдында 36 жастағы такси жүргізушісі өзінің кінәсін ішінара мойындап, жалғыз әрекет етпегенін айтқан еді. Оның айтуынша, бұл іске оған жиені мен онымен бірге тұратын адам көмектескен. Бірақ қосымша тергеуден кейін бұл қылмысқа өзге де адамдардың қатысы бары анықталмады. "Айыпталып отырған азаматтың кінәсі іске қатысты жиналған дәлелдермен, нақты айтқанда, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен, айыпталушының орнында берген жауабын нақтылаумен (тексеру барысында жәбірленген адамның мәйіті табылды), заттай айғақтармен, сараптама қорытындыларымен, куәгерлердің және жәбірленушілердің сөзімен, істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді", - деп мәлімдеген еді мемлекеттік айыптаушы Айдар Алмас.

16 жастағы Айсұлу Жамбарбек 2013 жылдың соңында кісі қолынан қаза тапқан болатын. Қыз 28 желтоқсан күні жоғалып кетті. Келесі күні оның туысқандары Алатау аудандық ІІБ-на арызданды. Қыздың мәйіті 2014 жылдың 3 қаңтарында табылды. Күдікті видеобақылау камерасы арқылы анықталды. Таксист қылмысты пайда табу үшін жасағанын айтты. Қыздың қалтасында 35 мың теңге, ұялы телефон және туыстарына әкеле жатқан сыйлықтары болды.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай