11 қараша 2016 09:58

18 жастағы ақтөбелік "ВКонтакте" желісіндегі аудиожазбалары үшін сотталып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 18 жастағы жігіт "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасына аудиожазбалар қосқаны үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".


Ақтөбеде 18 жастағы жігіт "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасына аудиожазбалар қосқаны үшін сотталып жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

Ақтөбелік тұрғын "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі аудиожазбалары үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеушілер сотталушыдан діни мазмұндағы 8 аудиожазба тапқан. Олардың айтуынша, парақшадағы аудиожазбалар терроризм жасауға үгіттейді. Осылайша ақтөбелік тұрғын 9 қарашада сот алдына келді. Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша ("Терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырғаны") айыптап жатыр.

Тергеу мәліметінше, биыл тамыз айында 18 жастағы жігіт әлеуметтік желіде өз парақшасын ашқан. Ол үшін анасының смартфонын алған. Содан "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде ашқан парақшасына аудиожазбаларды қосқан. Олардың ішінде - "Жиһадқа шақыру" және тағы да басқа мазмұндағы аудиолар. Аудиожазбалардың жартысы араб тілінде екен. Енді сот жігіттің достарының не таныстарының оның осындай мазмұндағы аудиожазбаларды тыңдап жүргенінен хабары болғанын не болмағанын анықтап жатыр. Егер мәліметтер расталса, сот оны 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыра алады. Айта кетейік, бұл іске қатысты процесс әлі жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети