Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

20 миллион теңге пара. Астана бойынша МКД басшысының ісі сотқа берілді 02 маусым 2023, 16:28

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша МКД бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша МКД бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды.

"Ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясы бойынша күдікті қамауда. Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram