18 қазан 2021 12:50

2,7 мың қазақстандық өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2,7 мың адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 2,7 мың адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға келетін болсақ, жыл басынан бері ішкі істер органдары көлікті мас күйінде басқарудың 18 мыңға жуық дерегін анықтады. 2020 жылдан бастап көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жыл құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Бұдан бөлек, автокөлікті мас күйінде жүргізген, бұрын осындай әрекет жасаған немесе жол апатына себепші болған жағдайда жүргізуші құқығынан өмір бойына айыру көзделген. Қазір 2,7 мыңға жуық жүргізуші өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылды", - деді Түсіпов ІІМ брифингінде.

Оның айтуынша, елімізде жол қозғалысы ережелерін жиі бұзу жылдамдықты арттырудан болады, бұл жалпы, жол ережесін бұзудың 37 пайызына тең.

"Белгілер мен таңбалар бойынша талаптарды бұзу - 26 пайыз, яғни бұл - жол қозғалысы ережесінің әрбір төртінші бұзылуы. Қалған түрлеріне көлік құралдарын техникалық күйде пайдалану қағидаларын, сыртқы жарықты пайдалану қағидаларын, аялдау немесе тоқтап тұру қағидаларын және жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзу, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау жатады. Бұған шамамен 25 пайыз тиесілі", - деп атап өтті ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети