6 жасар қызды педофилден құтқарған жігіт оқиғаның жай-жапсарын айтып берді

04 Мамыр 2017, 16:35
1
6 жасар қызды педофилден құтқарған жігіт оқиғаның жай-жапсарын айтып берді - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Астанада алты жасар қызды зорламақшы болған күдіктіні ұстауға қатысқан адамдар 48 жастағы ер адамның артынан қалай қуғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таяуда, 3 мамырда Астана қаласының жаңа вокзалының құрылыс аумағындағы жұмысшылардың бірі Асқар Қажығұмаров су қоймасына қарай құрылыстың маңынан өтіп бара жатқан ер адам мен кішкентай қызды байқаған. 22 жастағы жұмысшы Асқар Кенжеғұмаров әріптестерімен бірге қызды зорламақ болған күдіктіні ұстағаны туралы айтып берді. Жұмысшылардың барлығы жаңа вокзалдың жылу жолын салып жатқан. Оқиға Нәжімеденов және №82 көшелерінің қиылысында болған. 

 
Сурет Tengrinews.kz

"Кеше мен осы ер адамды көрдім, ол біздің жанымыздан кішкентай қызбен бірге өтті. Неге екенін білмеймін, бірақ мен бірден бәлкім бұл педофил шығар деп ойладым. Кейінірек әкесі мен қызы болар деп ойладым. Бірақ олардың қайда бара жатқанына қарап тұрдым. Содан кейін жұмысшылар ер адамның қызды зорламақшы болғанын айтып, айғайлай бастады. Олар "Педофил" деп айғайлады. Жұмысшылар ер адамның қызды шешіндіріп, сосын өзі де шешініп жатқанын көрген. Ол қорқып кетіп, суға қаша жөнелген", - деді кешегі оқиғаның куәгері Асқар. 

Асқар мен оның әріптесі Сәкен Құлманов ер адамның артынан қуа жөнелген.

"Ол қамыстың арасына тығылды. Біз онымен сөйлесе бастадық, оның бұл әрекетке неліктен барғанын сұрастырдық. Оның өз еркімен судан шығуын талап еттік. Бірақ ол бірдеңе деп айғайлай бастады, сол кезде біз екіге бөлініп, суға түсіп оны ұстап алдық. Судан шығарған кезде WhatsApp желісі арқылы тараған видео түсірілді. Барлығы да ер адамның кішкентай қызға істегісі келген опасыздығына ашулы болды", - деді Асқар Қажығұмаров. 

Қашқынды ұстаған сәтте полиция да келіп жеткен. Кейінірек Асқар мен оның әріптесі қыздың үйіне барғанда, педофилді сол отбасының танысы екенін білген. Ер адам қызға балмұздақ алып беремін деп алдап, оңашаға алып шыққан. 

Сосын біз полициямен бірге қыздың үйіне бардық. "Ер адам олардың танысы болып шықты. Қыздың әкесінің айтуынша, олар өз танысына жақсы сенген, ол сол үйге жиі келетін болған. Баланың ата-анасы ер адамның мұндай әрекетке баратынын еш күдіктенбеген. Олардың айтуынша, олардың танысы наурыз айында колониядан босап шыққан, Ресейден келген", - деді Асқар Қажығұмаров.  

Оның артынан қуаламастан бұрын Асқар Кенжеқұмаров осы оқиғаны полицияға хабарлаған. Содан кейін олар киімдерін шешіп суға түсіп, қуған. 

Асқар - 22 жаста, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ол колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын тәмәмдаған. Қазіргі уақытта жұмысшы ретінде қызмет етеді, таяуда Астанада салынып жатқан вокзалдың жылу жолын салуға жіберілген. 

Астана ІІД өкілдері ұсталған адамның қызды Промышленный ықшамауданындағы үйінен алдап шығарғанын анықтаған. Оқиғаға куә болған және сол маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар осы жағдайды көріп, оны ұстап қалған. 

"2011 жылы туылған кәмелет жасына толмаған қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену дерегі қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121 бабына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 48 жастағы күдікті бұрындары сотталған, қазіргі уақытта Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына жабылған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметі. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай