Адамшошырлық қылмыс: Өз балаларын өлтірген ата-анаға қатысты жаңа дерек шықты

22 Қыркүйек 2017, 21:22
0
Адамшошырлық қылмыс: Өз балаларын өлтірген ата-анаға қатысты жаңа дерек шықты -

Алматыда өз балаларын өлтірген ата-ананың ісі: patrul.kz порталының редакциясы оқиға орнынан эксклюзив видео жариялады, тілші күдіктілермен әңгімелесіп, оқиғаның мән-жайын анықтады.

Балалардың әкесі таспа алдында адамшошырлық қылмысын баяндады. "Шаршадым. Дымым құрыды. Ұйқым қанбай жүрді. Осының бәрі әсер етті", - деді ол. 

Жауап алу кезінде айуандықпен өлтірілген балалардың әкесі қылмыс жасау ниетін көп уақыттан бері ойластырғанын айтты. Шешесі үлкен ұлымен аулада қыдырып жүргенде әкесі қалған екі баланы қылғындырып өлтіріп, мүрделерін матаға орап, қажетсіз қалған бұйымдай сөмкеге салып қойған. Бірнеше күннен кейін үйде дағымсыз иіс шыға бастаған. Сосын олар басқа пәтер жалдауды ұйғарған. Жаңа баспанаға келісімен балалар салынған сөмкені олар жерасты қоймасына жасырған. Десе де жағымсыз иіс тағы да шыға бастаған. Бұдан соң ер адам әйеліне тағы да басқа үй іздеуді бұйырған. Жаңа үйде балалар салынған сөмке тоңазытқышқа салынған. 

Осыдан кейін әйел үлкен ұлын "Самал" ықшамауданына апарып, тастап кеткен де үйіне оралған. Ал келесі күні оларды жалдамалы баспанадан полицейлер ұстаған. 

Еске салайық, екі баланың мәйіті Түрксіб ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 12 қыркүйекте табылған болатын. Ұсталған ата-ана екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай