03 тамыз 2018 11:01

"Ағайынды төртеу" ісі: 24 адам сотталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында "Ағайынды төртеу" Ұйымдасқан қылмыстық тобының атышулы ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында "Ағайынды төртеу" Ұйымдасқан қылмыстық тобының атышулы ісі бойынша үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс бойынша 26 адам тіркелген, олар 20 эпизод бойынша айыпталды. Барлығына түрлі мерзімде жаза тағайындалды - 3-тен 12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Екі фигурант - Айбек Тілеуғазиев пен Аманқос Есенғалиев жазадан босатылды.

Ең көп мерзімді "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының лидерлерінің бірі Еркін Ізбасар алды, ол сегіз бап бойынша айыпталды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырып, оған тиесілі мүлік, қылмыстық жолмен немесе қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа алынған деп танылып, тәркіленетін болды. Ол қылмыстық атқару жүйесінің максималды қауіпсіз мекемесінде мерзімін өтеуі тиіс.

Еркін Ізбасардың оң қолы Аухат Қалиев оған қарағанда бір жыл аз темір тордың артында отырады. Ол Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің максималды қауіпсіз мекемесінде 11 жыл жазасын өтейді және оның мүлкі тәркіледі. Осындай үкім Қалдымұрат Қартжанға да шығарылды.

Мүлкін тәркілеусіз Біржан Аманқұловқа 11 жыл берілді. 

Мұрат Тұржанов, Қадыржан Пангерейұлы, Нұрлыбек Тонтаев, Болатбек Бекетов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлан Ноғаев 6-дан 8 жылға дейінгі мерзім алды. Олар қылмыстық топта ақпаратты сараптаумен және жинаумен, қылмыстық топты қарумен қамтамасыз етумен айналысқан. Сонымен қатар, олардың міндеті топтың бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

ІІД бұрынғы орынбасары Рахат Аханов 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ол қызметін асыра пайдаланды деп айыпталды. Бұдан бөлек, ол енді мемлекеттік қызметте, сотқа, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның бөлімшелерінде, мемлекеттік ұйымдарда, ұлттық холдингтер мен компанияларда жұмыс атқара алмайды. Сонымен қатар, Аханов "полиция полковнигі" шенінен айырылды. 

Жандос Ақмағамбетов, Саясат Дусупов, Ербол Тектіғұлов, Сүлеймен Сүгірбаев, Жанат Тектіғұлов, Жангелді Өтегенов, Мұханбет Шавлетов, Мұрат Қуанышев, Руслан Дермұханов, Бекжан Құлтаев, Адайбек Сарсенов, Нұрболат Қайрбаев пен Сергей Савченко 3 жылдан 5 жылға дейін сотталды. Барлығына дерлік "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңы бойынша жаза өтеу мерзімі азайтылды. 

Ахметқали Молдағалиев сот төрелігін шығарғаннан кейін Еркін Ізбасар айғайлай бастады, оны тәртіп бұзғаны үшін сот залдан шығарып жіберді. 

Еркін Ізбасар мен Аухат Қалиевтің қорғаушысы үкіммен келіспейтінін мәлімдеді. Адвокат Мәди Мырзағаев соттың шешіміне шағымданатынын айтты. 

Ол сондай-ақ мүгедектерді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерінде ұстау жағдайы туралы сұраққа жауап берді. Еркін Ізбасар бірінші топтағы арбадағы мүгедек.

"Бұл сұрақ әзірше шешілусіз күйінде қалады. Біздің пенитенциарлық жүйеде көптеген мекеме бірінші топтағы мүгедектердің жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. Қазіргі кезде Еркін Ізбасар ауруханада жатыр, ал кейінірек көре жатармыз", - деді ол. 

Қылмыстық іс 261 томнан тұрды, олардың екеуі айыптау актісі. "Ағайынды төртеу" Ұйымдасқан қылмыстық топтың фигуранттарының үкімі 180 бетке сыйды. Соттың талқылауы 2017 жылы 5 желтоқсанда басталды және жеті айға созылды. Барлығы 155 сот отырысы өткізілді және 157 куәгерден жауап алды. 

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлақпен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети