19 қыркүйек 2019 14:44

Ағайындылар Шымкентте қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен Сурет Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінен

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қымбат автокөліктерді заңсыз айдап әкетумен айналысқан екі ағайындыны Шымкенттен ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қымбат автокөліктерді заңсыз айдап әкетумен айналысқан екі ағайындыны Шымкенттен ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Сарыағаш АПБ-не Ресей Федерациясының азаматы арызданып, Жібек жолы ауылының автотұрағынан оның "Toyota Land Cruiser 200" маркалы автокөлігін айдап кеткенін айтады.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 3,5 миллион Ресей рублі (20 миллион теңгеден аса). Аталған жайтты Сарыағаш ПБ-і ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеуге алып, қылмыстық іс қозғады. Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция және тергеу бөлімінің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан жедел тергеу тобы құрылды.

Полиция қызметкерлері қажетті жедел іздестіру шараларының барлығын тез арада атқарып шықты. Қылмыс орны мен бейнебақылау камералары мұқият тексеріліп, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынды. Жедел түрде атқарылған шаралар нәтижесінде Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері автокөлікті айдап кеткен күдіктілердің ізіне түсті. Олар Шымкент қаласында ұсталды.

Ұсталған азаматтар, яғни екі ағайынды, мегаполис тұрғындары екені белгілі. Сондай-ақ, көп ұзамай Түркістан облысының жедел уәкілдері іздестіру іс-шараларын тиянақты жүргізу барысында Қарағанды қаласынан ұрланған көліктерді сатып алған азаматты да  ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктілер Түркістан облысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері бұл қылмыстық топтың қымбат шетел маркалы көліктерін ұрлаудың басқа да жайттарына қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Ұсталған үш күдікті де қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети