"Ақсай қырғыны": Полиция саябақ басшылығына қатысты тергеуді бастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Полиция Іле Алатауы ұлттық саябағында кісі қолынан өлген орманшы жесірінің шағымы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ольга Захаропулоның пікірінше, 13 адамның өмірі қиылған "Ақсай қырғыны" саябақ басшылығының салғырттығынан болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полиция Іле Алатауы ұлттық саябағында кісі қолынан өлген орманшы жесірінің шағымы бойынша тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ольга Захаропулоның пікірінше, 13 адамның өмірі қиылған "Ақсай қырғыны" саябақ басшылығының салғырттығынан болды.

Игорь Захаропулоның жесірі Қаскелең прокуратурасына тамыз айында шағымданды. Оның айтуынша, құжат бірнеше инстанциядан өтті - Алматы прокуратурасы, Алматы облысы прокуратурасы және қалалық, облыстық ІІД. Соңында оны оңтүстік аймағы бойынша Алматы облыстық ІІД қарап, тергеуді бастады. Тергеудің 29 қараша күні аяқталатыны айтылды.

Ольга Захаропуло өз хатында "Ақсай қырғыны" кезінде кордонда орманшы Алексей Шкилевтің болмағанын, ал оның міндетін Яша есімді үй-күйі жоқ адам орындағанын жазады. Ольганың айтуынша, ұлттық саябақ шлагбаумын ашқан - сол, соның кесірінен саябақ аумағына қылмыскерлер кіріп кетті.

Орманшының әйелі егер саябақ басшылығы ең болмағанда бір ай ішінде төңіректі тінтіп шыққан кезде террористердің әйелдері тұрған шатырды тауып алуға болар еді деп есептейді.  Оның пікірінше, орманшы саябақ басшылығына аумаққа машина кіргенін хабарлауы тиіс еді. Оған қоса, егер қолдарында қаруы болғанда, орманшылардың өзі-ақ қайғылы оқиғаның алдын алар ма еді. Жесір Панайот пен Игорь Захаропулолардың қолында табельдік қару болмағанына прокуратураның назар аударғанын қалайды.

Еске сала кетейік, "Ақсай қырғыны" 2012 жылдың 13 тамызында болған еді. Шатқалдан 12 адамның мәйіті табылды. Бір орманшы - Игорь Захаропулоның қайда кеткені беймәлім болды, кейін сот оны марқұм деп таныды. Арнайы жасақ қызметкерлері Бағанашылдағы операция кезінде күдіктілердің көбінің көзін жойды. Лаңкестердің бірі - Саян Хайыров Қырғызстан аумағынан ұсталды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer