14 маусым 2019 13:15

Ақтауда Ұлттық ұлан офицері іздеуде жүрген ұрыны ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Online47 © Online47

Ақтауда Ұлттық ұлан офицері іздеуде жүрген ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне слітеме жасап.


Ақтауда Ұлттық ұлан офицері іздеуде жүрген ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне слітеме жасап.

"Кеше сағат таңғы 8 шамасында ҚР Ұлттық ұланының офицері үйінен шыға берерде көлікте отырып, жан-жағына алаңдап тұрған күдікті азаматты байқайды. Майор Бақтияр Қалдыбеков бұл жерде бір гәп барын сезінді. Өйткені, көлік иесі оның иесі екенін жақсы білетін. Ұлттық ұлан офицері көлікке жақында іштегі азаматты өзіне шақырды. Әлгі азамат болса, басқа есіктен шығып, қаша бастады. Осы жағдайға куә болып тұрған келесі көршісі ұландықтарға көмекке асығып, күдіктіні қолға түсірді. 102 нөміріне қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырады", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Нәтижесінде қылмыскер ізі суымай қолға түсіріліп, құзырлы органдар қызметкерлеріне тапсырылған.

Айтып өту керек, қолға түсіру кезінде күдікті қарсылық танытты. Кейін, белгілі болғандай ол осыған дейін де сотқа тартылып, бүгінде іздеуде жүр екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети