13 қараша 2022 15:03

Ақтаудағы атыс: полиция алты күдіктіні ұстады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы атыстан кейін полиция алты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Ақтаудағы атыстан кейін полиция алты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтап, ұстады. Осы оқиғаға қатысқандардың бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі жігіт жеткізілгені хабарланған болатын. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети