08 тамыз 2016 14:27

Ақтөбе облысында сот сараптамасы орталығының басшысы пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде № 2 соттың үкімімен "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы" Мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры М.Ж.Мұстафаға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, шенеунікке пара алды деген айып тағылды.


Ақтөбеде № 2 соттың үкімімен "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығы" Мемлекеттік мекемесінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры М.Ж.Мұстафаға қатысты қылмыстық ісі қаралып аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, шенеунікке пара алды деген айып тағылды.

Сот үкімі бойынша, М. Мұстафа мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаға теңестiрiлген адам бола тұра, Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданындағы "Хан моласы" қорымындағы Әбілқайыр хан мемориалды кешені құрылысына қатысты жүргізілген сот сараптамасын "АйнӘД" ЖШС өкілдерінің пайдасына шешу үшін 2016 жылы 6 ақпанда Ақтөбе қаласындағы "Бочонок" кафесінде, алдын ала келісілген уәдеге сәйкес, айтарлықтай мөлшерде - 500 000  теңге көлемінде параны жеке өзі алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен ұсталған.

"Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 2 бөлігіне сәйкес жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін жазаның анағұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзiмiнiң үштен екiсiнен аспауы тиіс (яғни 4 жыл 8 айдан аспауы тиіс) талабын ескере отыра, 2016 жылғы сот үкімімен М.Ж.Мұстафа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2 бөлігімен мүлкі тәркіленіп, жауапты мемлекеттiк лауазым атқару және мемлекеттік мекемеде қызмет істеу құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. Сот жаза тағайындау кезінде М.Мұстафаның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағанын, жанұялық жағдайын, оң мінезделетінін ескерген. Сондай-ақ, сотталушының жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар сотта анықталмаған.

Сонымен қатар сот М.Мұстафаның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаға теңестiрiлген адам бола тұра, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасағанын ескерді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети