18 мамыр 2023 13:18

Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.
Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети