19 сәуір 2022 10:07

Ақтөбеде қаржы пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде үшінші GAP қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Ақтөбеде үшінші GAP қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі мәліметінше, Ақтөбе қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырудың тағы бір дерегі анықталған. 

"Ұйымдастырушылар тұрғындарға 10 пайыздық бастапқы жарнамен үй немесе көлік сатып алуды ұсынған. Осылайша, олар қаржы пирамидасына активтер тартқан. ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 1-бөлігі "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сондай-ақ, ҚМА өкілдері қаржылық пирамидаға тап болған жағдайда - 8 /7172/ 708-478 сенім телефонына қоңырау шалуды немесе әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға жазуды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай және Шымкент қалаларында GAP қаржы пирамидасы қызметі анықталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети