16 маусым 2020 09:51

Ақтөбеде куәгер қызды азғыннан аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде ұлттық ұланның әскери қызметкері, ефрейтор Андрей Петров қызды зорламақ болған азғыннан аман алып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде ұлттық ұланның әскери қызметкері, ефрейтор Андрей Петров қызды зорламақ болған азғыннан аман алып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 15 маусымда түнде болған. Андрей Петров балконға шығып, әйел адамның даусын естіген. Үйіне кіріп, жанталаса спорттық аяқкиімін киген соң, қызға көмектесу үшін көшеге шыққан. Осылайша, ол оқиғаның кездейсоқ куәгері болыпты. 

Андрей Петров үйдің жанындағы бұталардың арасынан ер адамды көрген. Ол қызды зорламақ болыпты. Әскери қызметкер қоян-қолтық ұрыс әдісі арқылы азғынды құлатқан. Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған. Тәртіп сақшылары келгенге дейін Андрей Петров күдіктіні ұстап тұрған. Азғын қарсылық көрсетіп, тіпті оқиға орнынан қашып кетуге тырысыпты.


Андрей Петров - ұлттық ұланның әскери қызметкері. Фото: РгК "Батыс" баспасөз қызметі;

"Менің орнымда басқа адам болса да осылай әрекет етуші еді. Мен оған сенемін. Бұл ерлік емес. Адамға көмектесу - абыройлы іс. Егер көмек қажет болса, адамның жанынан жай өтіп кетпеңіз", - дейді ефрейтор.

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шеккен қыз полицияға арыз жазды.

Батыл әрекет еткені әрі азаматтық ұстанымы үшін Андрей Петров дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети