16 сәуір 2019 10:00

Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақтөбе газеті © Ақтөбе газеті

Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекеноваға алаяқтық бабы бойынша айып тағылған және ол тергеу кезінде екі ай бойы абақтыда болады, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекеноваға алаяқтық бабы бойынша айып тағылған және ол тергеу кезінде екі ай бойы абақтыда болады, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Күдікке ілінген шенеунік сыбайластарымен бірге отыздан астам адамды сан соқтырған көрінеді. Тұрғындардың біріне мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге, ал кейбіріне үй кезегін жылжытып беруге уәде еткен. Жәбірленушілерден жиған ақша 100 миллион теңгеден асып отыр. Бірақ мұнымен бөлім басшысы мүлдем келіспейді. Ал сыбайласы ретінде танылған Гүлайым Нұрмұханова де бұрын әкімдікте істеген. Кейін халыққа қызмет көрсету орталығына ауысқан.

"Өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасағаны үшін күдікті деп танылған Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызына қатысты екі ай мерзіміне, яғни 2019 жылдың 10 маусымына дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети