Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Ақтөбелік тұрғын "тергеуші" қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалған 25 қыркүйек 2022, 09:33

Ақтөбе іргесіндегі Алға қаласының тұрғыны өздерін полиция және банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

© elements.envato.com © elements.envato.com

Ақтөбе іргесіндегі Алға қаласының тұрғыны өздерін полиция және банк қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтардың қоңырауынан кейін 13 миллион теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Алдымен белгісіз біреу ер адамға телефон соғып, өзін астаналық тергеушімін деп таныстырған. Ол алаяқтар атына несие рәсімдеп жатқанын айтып, банк менеджерінің айтқанын орындауды сұраған. Бірнеше минуттан кейін менеджер қоңырау шалып, SMS-кодты айтуды сұраған. Ер адам кодты беріп, осылайша 13 миллион теңгесінен айырылып қалған.

Алаяқтардың жеке басы анықталып жатыр.

"Полиция да, банк қызметкерлері де банк шот деректерін немесе жеке деректерді растауды ешқашан сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Егер сізге банк қызметкері немесе полицейлер осылай қоңырау шалса, телефон тұтқасын қойып, мәліметтерді анықтау үшін банкке хабарласу ұсынылады", - деп ескертті полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram