19 тамыз 2021 09:46

Алаяқтар қазақстандықтарға 960 мың теңге төлем уәде беріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалып, өздерін Nur Otan партиясының қызметкерлері ретінде таныстырып, 960 000 теңге көлемінде төлем рәсімдеуді ұсынып жүр. Ол үшін SMS арқылы жіберілген кодты айту керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалып, өздерін Nur Otan партиясының қызметкерлері ретінде таныстырып, 960 000 теңге көлемінде төлем рәсімдеуді ұсынып жүр. Ол үшін SMS арқылы жіберілген кодты айту керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake сайтына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай кезінде мемлекеттен 42500 теңге алғандар ірі төлем алуға үміткер бола алады. Миллион теңгеге жуық жәрдемақыны "рәсімдеу" үшін алаяқтар абоненттерден 1414 қысқа нөмірінен келген СМС-хабарламаларға жіберілген кодты айтуды сұрайды. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ бұл нөмірден әлеуметтік төлемдерді алу үшін қандай да бір ақпаратты тарату туралы хабарламаны жоққа шығарды.

"Құрметті пайдаланушылар, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ азаматтарға төлемдерді алғаны туралы хабарламамен түрлі құрылымдардан шалынған қоңыраулар және 1414-тен келген кодты жазу қажет екені туралы хабарламалар келіп түскені жайлы ақпарат түсіп жатыр. "ҰАТ" АҚ әлеуметтік төлемдерді алу үшін 1414 код нөмірінен таратуды жүргізілмейтінін хабарлайды, алаяқтарға ешқандай ақпарат бермеуді және 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға хабарламауды сұраймыз", - деп хабарлады ұйым өкілдері.

Алаяқтардың мұндай әрекеттері әлеуметтік инженерия деп аталады. Бұл адамның психологиясын ескере отырып, жеке деректерін заңсыз иемдену тәсілі. Мысалы, мұндай тәсілді алаяқтар пайдаланады, олар телефоннан өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, абоненттен ақша салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құпия деректерді айтуды талап етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети