07 қараша 2022 16:00

Алаяқтықтың жаңа түрі: WhatsApp арқылы несие ұсынады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

WhatsApp мессенджерінде Қазақстан азаматтарына несие беруге дайын француз экономистінің атынан хабарлама тарады. Бұл туралы Stopfake.kz порталы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp мессенджерінде Қазақстан азаматтарына несие беруге дайын француз экономистінің атынан хабарлама тарады. Бұл туралы Stopfake.kz порталы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтарға француз экономисімен байланысып, 1-9 миллион теңгеге дейін алуға болатыны айтылған. Бұл – алаяқтық, деп жазды портал.

Мұндай алдау жолдары әлем елдерінде көп тараған. Желіде несие ұсынатын алаяқтар туралы ескертулер бар және олардың адамдарды қалай көндіретіні егжей-тегжейлі сипатталған. Әдетте, шабуылдаушылар әлеуетті клиенттің қызығушылық танытып отырғанын байқап, одан несие рәсімдеу үшін белгілі бір мөлшерде комиссия төлеуін сұрайды.

Осыдан кейін алаяқтармен байланыс үзіліп, олардың көмегіне жүгінген адам несие ала алмай, жіберген ақшасынан да айырылады.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Сингапурдың 315 тұрғыны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы несие алуға уәде берген алаяқтардың құрбаны болған. Алданғандар жоғалтқан ақшаның жалпы сомасы 670 000 доллар болған. 2019 жылы алданып қалған сингапурлықтардың саны 692-ге дейін өсті, ал шығын 2,2 миллион доллар болған. Сонымен қатар, жағдайлардың бірінде алаяқтар "комиссия жарнасы" ретінде сегіз мың доллардан астам ақша талап еткен.

Сондай-ақ, БАҚ-та "жарна" төлеуден бас тартқандарға қоқан-лоққы көрсетіліп, қудалауға ұшыраған, алаяқтар олармен әңгімелесу барысында иемденіп алған жеке деректерді жариялаймыз деп қорқытқаны хабарланды. Демек, мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде ірі көлемде несиелер ұсынған адамдарға мүлдем сенуге болмайды. Әдетте, мұндай несие берушілер алаяқтар, деп жазды портал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети