05 наурыз 2015 17:04

Алматы қаржы полициясының бұрынғы бастығы тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әмірхан Аманбаев. ©mln.kz Әмірхан Аманбаев. ©mln.kz

Бұрын Алматы қаржы полициясын басқарған Әмірхан Аманбаев 2015 жылдың 5 наурызынан бастап екі айға тұтқындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешімет хабарлады. Тұтқынға алу туралы қаулыны Медеу ауданының соты шығарды. 


Бұрын Алматы қаржы полициясын басқарған Әмірхан Аманбаев 2015 жылдың 5 наурызынан бастап екі айға тұтқындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қуандық Ешімет хабарлады. Тұтқынға алу туралы қаулыны Медеу ауданының соты шығарды. 

Алматы прокурорының орынбасары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу-жедел әрекет ету тобының жетекшісі берген қамауға алу туралы өтінішті қолдауды сұрады. Соттың мәліметінше, Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін тұтқындалып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің құқық қорғау органдарының құрығына іліге бастағаны хабарланған болатын. Олар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты деп айыпталды. "Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының, соның ішінде бұрынғы қаржы полициясы қызметкерлерінің қорған болуымен Алматы аумағында жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды", - деп хабарлаған еді жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі. Тергеудің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ екі жылға жуық уақыт бойы әрекет етіп, мемлекетке 14 миллиард теңгеге шығын келтірген. Алматы қаржы полициясының 2014 жылдың тамыз айында өзге де бөлімшелермен бірге таратылғанын еске сала кетейік. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети