12 маусым 2015 15:39

Алматы колледжіндегі жарылыс: Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматы қаласында колледждегі жарылыс ісіне байланысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2014 жылдың қараша айында Алматыдағы сән және дизайн колледжінде граната жарылып, бір студент қаза тапқан болатын.


Алматы қаласында колледждегі жарылыс ісіне байланысты алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 2014 жылдың қараша айында Алматыдағы сән және дизайн колледжінде граната жарылып, бір студент қаза тапқан болатын.

АӘД мұғалімі Ғабит Қарабалев жалпы режимдегі колонияға екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша айыпты деп танылды. Мерзім 2014 жылдың 17 қарашасынан бастап есептеледі.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің тағы екі мұғалімі Серік Баймолдинов пен Юрий Гавриленко жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау бойынша айыпты деп танылды. Оларға 991 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, сотталушылар сот залынан босатылды. Сонымен қатар, Алматы әкіміне қатысты жеке қаулы шығарылды. Судьяның айтуынша, бұған білім беру басқармаларының осы оқиғаға қатысты жауапкершілік алмағаны себеп болды. Сонымен қатар, Алматы прокуроры мен ІІД басшысына қатысты қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзуға жол бергендері үшін қаулы шығарылды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. Болған оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды.

Граната жарылысы болған кезде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген мұғалім Ғабит Қарабалаевқа 20 қараша күні аталған баптар бойынша айып тағылды. Педагог екі ай мерзімге тұтқындалды. Ол колледжде 2013 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істейді. 22 қараша күні сот Алматы сән және дизайн колледжінде бұрын алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген Юрий Гавриленконы да тұтқындады. Ол да екі айға қамауға алынды, оның үстінен "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети