03 шілде 2020 14:09

Алматы облысында екі әйел жанжалдасып, біреуі ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан

Отырыс барысында әйелдер арасында жанжал туындап, біреуі асүй пышағын өзінің оппонентіне қарсы ала жүгірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Отырыс барысында әйелдер арасында жанжал туындап, біреуі асүй пышағын өзінің оппонентіне қарсы ала жүгірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 2 шілдеде Алматы облысының Жансүгіров ауылында болған. Елді мекенінен 12 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан іш қуысының пышақ жарақаты және қатты қан кетумен Сарқан қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілген.

"Жедел-тергеу тобы күдіктіні, жергілікті тұрғынды жылдам ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі аралықта шаруа қожалығының екі жұбы сатылған шөптен түскен ақшаға алынған екі шөлмек арақты ішкені анықталды. Отырыс барысында жәбірленуші күдіктіні қорлай бастаған, қорытындысында күдікті қолына асүй пышағын алып өзінің оппонентін жарақаттаған. Айғақ зат ретінде танылған пышақ тәркіленді. Бұл ауыр қылмыс тұрмыстық маскүнемдік салдарынан туындаған. Мас адамның қорлық сөздері, құқыққа қарсы әрекеттерге итермелейтін механизм ретінде іске қосылып, осындай оқиғаға әкеліп соққан.

Азаматтарды күмәнді компанияларда спирттік ішімдік қолданбауға және өз сөзін қадағалауға, қорлауға жол бермеуге, айналасындағыларды жанжалға итермелемеуге шақырғым келеді", – дейді Ақсу ауданы ПБ бастығының орынбасары Алмас Сыдықов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети