30 маусым 2020 10:01

Алматы облысында ер адам жатын бөлменің терезесі арқылы қызды ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жатын бөлменің терезесі арқылы қызды ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полицияға сілтеме жасап.


Алматы облысында жатын бөлменің терезесі арқылы қызды ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полицияға сілтеме жасап.

Түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны түнгі уақытта оның 21 жасар қызын терезеден ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткенін жеткізген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері LEXUS 470 автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы қыз және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан",- деп хабарлайды Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Полиция мәліметінше, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске зайғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети