23 сәуір 2020 16:03

Алматы облысында қаруланған 19 адам туған күн атап өтпек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы облысы маңындағы ауылда туған күн тойламақ болған 19 адамды ұстады. Ұсталған адамдардан тапаншалар мен шолақ мылтық тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Криминалдық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлеріне Ақсу ауданында атыс қаруы бар бір топ адам жиналады деген ақпарат түсті. Қапал аулының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде бес автокөлікпен келген 19 адам ұсталды. Аталған тұлғалар туған күн тойлау үшін жиналған", - делінген хабарламада.

Toyota Camry және Lexus автокөліктерін тінту барысында облыс орталығының тұрғынына тиесілі 4 травматикалық тапанша, бір шолақ мылтық және 43 патрон анықталған. 

Қару-жарақты заңсыз сақтау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ ұсталған 19 адамға қатысты төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған, іс құжаттары ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша соттың қарауында болады.

Қару тәркіленген төрт адам уақытша қамау изоляторына қамалды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети