1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысында полицейлер есірткі сатқан

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Полицейлер Алматы облысында есірткі сатқан. Бұл туралы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзіндік қауіпсіздік департаменті қандай да бір бағыт бойынша сыбайлас жемқорлықты анықтайды. Атап айтқанда, Алматы облысында былтыр аудандардың бірінің қызметкерлерінің есірткі саудасы мен қайталама айналымын жүзеге асырған заңсыз іс-әрекеттерінің жолы кесілді. Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы қамауға алынды", - деді Саданов ІІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ, оның айтуынша, департамент қызметкерлері полицейлердің қылмыстық әрекеттерге қамқорлық жасайтын жағдайларын анықтайды.

"Биылдың өзінде Шымкентте ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірге 50 келі киік мүйізін контрабандалық жолмен тасымалдаудың жолы кесілді. Жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады", - деді Саданов.

ШҚО-да ұшақ өртенді