18 мамыр 2023 09:30

Алматы облысында сегіз жастағы қызға жыныстық әрекеттер жасады деген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы, Көктөбе ауылында сегіз жастағы қызды зорлауға оқталды деген 44 жастағы ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.


Алматы облысы, Көктөбе ауылында сегіз жастағы қызды зорлауға оқталды деген 44 жастағы ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ер адам бірнеше жыл бойы кәмелетке толмаған көршісіне сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған. Бірінші болып оның туыстары дабыл қаққан. Қазір 8 жастағы қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Жәбірленушінің әжесі көршісі немересін өткен жаздан бері қорлап жүргенін айтып, арызданған. Мұны қыздың өзі де мойындаған. Туыстарының айтуынша, күдікті 15 жылдай көрші үйде тұрып жатқан. Кәмелетке толмаған екі баласы бар.

"Көршім телефон соғып, немеріңді жібер алма беремін деді. Қызым барғысы келмейтінін айтып, қарсылық көрсете бастады. Сол кезде бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп күдіктендім. Үйде екі немереммен жалғыз болғандықтан бірден дабыл қаға алмадым. Кейін полицияға хабарластым", - деді жәбірленушінің әжесі.

Азғындыққа барды деген күдіктіні көршілері көшіп кетсін деп талап қойыпты. Өйткені жаға ұстатар жағдай тағы қайталана ма деп қорқады. Оның үстіне, күдікті тұратын үй маңынан оқушылар күнде мектепке өтеді екен.

Күдікті Алматыдағы сот-сараптамалық институтына жеткізілді. Сынама анализін тапсырғаннан кейін уақытша тергеу изоляторында ұстайтыны айтылды.

"Ол 2022 жылы немересінің айтуы бойынша жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасаған. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша, аудандық полицияға тіркелді. Күдікті ер адам заңнамада тіркелген тәртіппен қамауға алынды. Аталған деректі тексеру шеңберінде, сот медициналық сараптамалық тағайындаумен, барлық тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сайділдин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети