18 наурыз 2022 | 22:45

Алматы облысындағы атыс: 17 адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

almaty.tv сайтынан алынған сурет almaty.tv сайтынан алынған сурет

Полицейлер 7 наурызда кешке Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы маңында болған атысқа қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер 7 наурызда кешке Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы маңында болған атысқа қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар арасындағы қақтығысқа 30-ға жуық адам қатысқан. Полиция қызметкерлері жағдай ушығып кетпеуі үшін оқиғаның алдын алуға тырысқан. Олар заңсыз әрекеттерді тоқтатуды талап еткен. Қақтығысқа қатысқандар жауап ретінде тәртіп сақшыларына бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан кетіп қалған. Полиция мәліметінше, қатысушылардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер мылтық, тегіс ұңғылы және травматикалық қарудың гильзаларын тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс дерегі бойынша қылмыстық заңнаманың бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ПД өкілі.

Бүгінде аймақ полициясы 17 адамды ұстап, 16 адамды қамауға алды. Ал 1 адам үй қамағына алған. Сондай-ақ, мемлекетаралық іздеу жарияланған тағы үш қатысушы анықталған. Күдіктілерге ҚР ҚК-нің 293-бабы ("Атыс қаруын қолдана отырып жасалған бұзақылық"), ҚР ҚК-нің 380-1-бабы ("Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғушылық"), ҚР ҚК-нің 24-99-баптары ("Кісі өлтіруге оқталу") бойынша айып тағылған. Оқиғаға қатысушылардан түрлі оқ-дәрісі бар 12 атыс қаруы тәркіленіп, олар заттай дәлелдемелер ретінде қылмыстық істер материалдарына тіркелген. Сондай-ақ, 8 көлік тәркіленген (Lexus, ВАЗ, Mercedes, Toyota және басқалары). Олар арнайы тұраққа қойылған.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан қалған қатысушыларды анықтау және іздеу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр. Облыстық полиция департаменті тергеуді арнайы бақылауына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети