1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы полицейлері пара алғанын мойындады 23 қараша 2018, 17:05

Алматы қаласының Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі басшысының орынбасары мен тергеушісі 2 миллион теңге пара алды деген күдікке
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы қаласының Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі басшысының орынбасары мен тергеушісі 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"21 қарашада агенттіктің Call-орталығына (1424) бір азамат хабарласып, Алматы полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі басшысының орынбасары мен сол басқарманың тергеушісі тарапынан заңға қайшы әрекеттерге бару деректерін хабарлады", - деді Бастарова. 

Сол күні Алматы Антикоррупциялық қызметі осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 

"Олар күдіктінің жарынан қамауға алмау туралы бұлтартпау шарасын шығару үшін 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілікті. Күдіктілер кінәсін толықтай мойындау себебін процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ", - деді ол. 

Тергеу жалғасып жатыр. 



Join Telegram