07 қараша 2022 14:00

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымы.


Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымы.

Мекеме саунасы және 11 оқшауланған бөлмесі бар үш қабатты зәулім үйде орналасқан.

"Түнгі сағат он бірде "жұмыс орнында"” екі әкімші мен жеңіл жүрісті бес қыз болды. Сырттан келгендер үшін бұл - сауықтыру массажын жасайтын орын, ал білетіндер үшін жезөкшелікпен айналысатын жезөкшелер үйі. Сол түні біздің бөлімшенің қызметкерлері ірі ТҮ кешенінің бірінде тағы екі жезөкшелер үйін анықтады. Екі пәтерде 12 әйел эротикалық қызмет көрсетті, ал олардың қызметін әкімші бақылап отырды. Айта кетейік, бұл пәтерлер қала тұрғынының дабылы бойынша анықталды. Тіпті, олардың бірінде фейс-контрольдан өткізетін оққағары да болды", - дейді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Үш дерек бойынша жезөкшелікпен айналысуға тұрғын үйді берген үй-жайдың иелері анықталып, жауапқа тартылды. Үш жезөкшелер үйінің қызметкерлері мен клиенттері жеке басын тексеру және шара қолдану үшін полицияға жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети