1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы полициясы 247 миллион теңге айыппұлды есептен заңсыз шығарған - Антикор 05 сәуір 2021, 09:16

Алматыда полиция қызметкерлері айыппұлды заңсыз есептен шығарды деген күдікке ілінді. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда полиция қызметкерлері айыппұлды заңсыз есептен шығарды деген күдікке ілінді. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыздың ортасында әлеуметтік желілерде 42 жастағы Амансупиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелгені туралы ақпарат пайда болды. Ол 2016 жылдан 2020 жылға дейін полиция қызметкерлеріне қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануда көмек көрсеткені туралы хабарланды. Бұл істе лейтенант Нашарбеков пен сержант Жапаров бар. Қылмыс - жол жүру ережесін бұзғаны үшін тіркелген айыппұлды заңсыз есептен шығару. Осылайша олар мемлекетке 247 миллион теңгеге залал келтірген.

Tengrinews.kz редакциясы 19 наурызда Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне ресми сауал жолдады. Ведомство тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін мәлімдеді. Құқық қорғау қызметкерлері Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасында жұмыс істейтіні анықталды.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында Жапаров, Нашарбеков және Амансупиев ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болғаны анықталды. 2016-2020 жылдар аралығында олар өкілеттігін асыра пайдаланып, жол ережелерін бұзуға байланысты тіркелген әкімшілік айыппұлдарды есептен заңсыз шығарған. Осылайша, олар заңға қайшы әрекеттерімен мемлекетке аса ірі мөлшерде, 247 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірді", - делінген Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Рүстем Тайтөлеевтің жауабында.

Тергеу барысында Жапаров пен Нашарбеков айыппұлдарды есептен шығарғаны үшін бірнеше рет пара алғаны анықталды. Екеуіне айып тағылған. Іс сотқа беріледі, ол әр күдіктінің кінә дәрежесі туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

"Олардың әрекеті ҚР ҚК-ның 206, 262, 361 және 366-баптары бойынша сараланған: "Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру", "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" және "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша бірнеше рет пара алуы", - деп нақтыланған ведомство жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging