27 маусым 2023 17:35

Алматы соты заңгер әйелді өлтіру ісі бойынша үкімнің күшін жою себебін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бұған дейін танымал заңгер Айман Асанованың өліміне кінәлі деп танылған Талғат Нұртаевқа қатысты үкімнің күшін жою себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бұған дейін танымал заңгер Айман Асанованың өліміне кінәлі деп танылған Талғат Нұртаевқа қатысты үкімнің күшін жою себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы алқабилер қатысқан сотталушы Нұртаевтың іс-әрекетін қасақана кісі өлтіруден ("ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі") эмоционалдық толқу жағдайында кісі өлтіру (ҚК-ның 101-бабы) бойынша қайта саралаған үкім күшін жойды.

Алматы қалалық соты мәліметінше, алқабилер қатысқан сот үкімі күшін жоюға мыналар негіз болған:

  • Соттың заң талаптарын бұза отырып, сот тергеуін қайта бастауына әкеп соққан, бұрын сотта зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасаған қорғаушының жарыссөзде сөз сөйлеу тәртібін бұзу.
  • Алқабилер алқасы алдына арнайы заң терминдері арқылы сұрақтар қойылған, мысалы: кенеттен күшті психикалық қозу жағдайында кісі өлтіру, бұл заңмен рұқсат етілмейді.
  • Айыптаушы тарап бейне жазбасы бар диск түріндегі жол берілмейтін дәлелдемелерді ұсынған, ол іс материалдарына тіркелмеген, диск бар екені расталмады, мұндай диск заттай дәлелдеме ретінде танылмаған.
  • Апелляциялық сатыда айыптаудың дәлелденуі мен дәлелденбеуі, дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дәйексіздігі, артықшылықтар, кейбір дәлелдемелер басқалардан бұрын, соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы және тағайындалған жаза шарасы туралы мәселені шешуге тыйым салынады.

"Апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық және іс жүргізу заңнамасы нормаларының сақталуын тексереді және соның негізінде алқабилердің қатысуымен үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі Facebook-парақшасында.

Істі жаңадан сот талқылауына жіберу, үкімнің күшін жоюға процестік нормаларды бұзу негіз болды.

Алматыдағы заңгер әйелдің өлімі: үкім күші жойылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети