10 наурыз 2022 | 10:38

Алматы тұрғыны жалған әуебилеттер сатқан

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2020 жылдың басынан бері азаматтарға жалған әуебилет сатқан әйел анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 2020 жылдың басынан бері азаматтарға жалған әуебилет сатқан әйел анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясының мәліметінше, күдікті өзін туристік агенттік қызметкері ретінде таныстарған. Сөйтіп, клиенттерге ұшақ билеттерін сатқан. Ол бұл әрекетін 2020 жылы қаңтарда бастаған, ал соңғы рет 2021 жылы қазанда сатқан.

"Жалған мәміле жасалған. Клиент мұны тіркеу кезінде рейс жолаушыларының тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінген. Жәбірленушілерден 12 арыз түсті", - деді Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Деректер бір іс жүргізуге біріктіріліп, ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша тергелетіні айтылды. Күдіктінің бұрын осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети