12 желтоқсан 2017 09:52

Алматы тұрғыны өз отбасын қырып тастайтынын айтып, полицейлерге оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны өз отбасына қару кезенген. Полицейлер оған қарсы қару қолдануға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы тұрғыны өз отбасына қару кезенген. Полицейлер оған қарсы қару қолдануға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыдағы медициналық мекемелердің біріне 1982 жылғы тұрғын жеткізілді, ол мас күйде өз отбасына қару кезенген. Жол-патрульдік полиция жасағы оқиға орнына келген соң қаскөйден қаруын жерге тастауын талап еткен. Алайда ол полицейлердің заңды талабын ескермей, атқан", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Күдіктінің заңға қайшы әрекетін тоқтату үшін полиция қызметкері оған қарсы табель қаруын қолданды "Нәтижесінде қарулы қылмыскер медициналық мекемеге жеткізілді, - дейді ведомстводағылар. 

Ер адамның туыстарына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы әзірше айтылмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети